Италияда «Merano Cup» халықаралық турнирі ақталды. Онда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тэн 1-ші орынды иеленді.

231.12 ұпай жинаған Денис Қытайда Гран-при кезеңінің нәтижесін 7 ұпайға көбейтті. Екінші орыннан Жапонияның өкілі, Бүкіләлемдік Университет Ойындарының қола жүлдегері Дайсуке Мураками көрінді. Үшінші орын итальяндық Паоло Баччиниге бұйырды. Бұл жеңіс Дениске Халықаралық мәнерлеп сырғанаушылар одағының рейтингісі бойынша 250 ұпай әкелді. Қазіргі уақытта қазақстандық ISU рейтингісінде бесінші орынға ие болды.

«Merano Cup» турнирі дәстүрлі түрде Италияның Мерано қаласында 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазір спортшы Австрияда 20-23 қараша аралығында өтетін «IceChallenge» турниріне дайындалып жатыр.

Денис Тен - мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының медалін жеңіп алған бірінші қазақстандық спортшы. 2013 жылы Канаданың әлем чемпионатының қорытындысы бойынша екінші орынға ие болды. Сонымен бірге, ол 7-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы және еңбегі сіңген спорт шебері атағының иегері.