Астанада бокстан Президент Кубогының финалына шыққан боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Жеңіл салмақта қос қазақстандық финалға шықты.

Жомарт Ержан үндістандық Лалбиакким Нутлаиды жеңсе, Теміртас Жүсіпов екі дүркін Еуропа чемпионы Василий Егоровты ұтты.

52 келі салмақта алтын жүлдені Анвар Мұзаппаров пен филиппиндік Ладон Роген сарапқа салады.

56 келіде Әлем чемпионы қазақстандық Қайрат Ералиев жартылай финалда Олимпиада чемпионы Шахобиддин Зоировты ұпай санымен ұтып, финалға шықты. Екінші жартылай финалдық кездесуде Ілияс Сүлейменов америкалық Дюк Рэганнан жеңіліп қалды.

60 келіде финалға ресейлік Габил Мамедов пен өзбек Шункор Абдурасулов шықты.

64 келіде тағы бір өзбек боксшысы Икболжон Холдаров қазақстандық Бекдәулет Ибрагимовпен алтын жүлде үшін таласады.

69 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов пен Абылайхан Жүсіпов финалға шықты.

75 келіде финалда Әбілхан Аманқұл тағы бір отандасымыз Ерік Әлжановпен кездеседі.