«Барыс» хоккей клубы сырт алаңда, овертаймда«Львов» командасынан басым түсті.

Чехияның Прага қаласында өткен кездесу тартысты өрбіді. Бірінші болып есепті Жайлауов ашты, бір минуттан кейін алаң қожайындары Клепиштің көмегімен есепті теңестірді. Соңғы үшінші периодта Старченко елордалық клубты алға шығарды, алайда матч аяқталуына бір минут қалғанда Секач тараз басын теңестірді.

Овертаймда «Барыс» басымдылыққа ие бола бастады. Артынша Жайлауов дубль жасап жалпы есепті түйіндеді. Қорытынды есеп – 2:3.

 

«Лев» (Прага) – «Барыс» (Астана) 2:3 ОТ (0:1, 1:0, 1:1, 0:1)

0:1 — Жайлауов (Уппер) — 19:24

1:1 — Клепиш (Новотны) — 20:23

1:2 — Старченко (Антропов, Литвиненко) — 49:19

2:2 — Секач (Ойстрик, Мяенпя) — 59:08

2:3 — Жайлауов (Уппер, Баркер) — 64:36

Қақпашылар: Веханен – Еремеев