Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Василий Левит (91 кг дейінгі салмақ дәрежесінде) ҚР Президенті Кубогының 1/4 финалында қытайлық қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Рио Олимпиада ойындарының финалисі Ван Жибаоны мерзімінен бұрын жеңді. Еске салайық, бұл Левиттің турнирдегі екінші нокауты. Бұған дейін ол үндістандық Санджитты сұлатып түсірген еді.

Жартылай финалда Василий ресейлік Садам Магомедовпен кездеседі.