Adidas компаниясы Стэнли Кубогындағы «Вашингтон» жеңісіне арналған AM4 (SPEEDFACTORY AM4NHL) аяқ киімін шығарады. Бағасы шамамен 200 долларды құрамақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Модель «Кэпиталз» командасының түсінде жасалады. Аяқ киімнің ішкі жағында- команда логотипі, сыртқы жағында - брендтің үш жолағы, өкшесінде ҰХЛ логотипімен қоса «Washington Capitals» жазу белгіленеді.