Данияр Абулгазин Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін Федерацияның бас хатшысы қызметінде болған Данияр Абулгазин Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына келді.

Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Астана ТМД елдері арасында алғаш болып Халықаралық үстел теннисі федерациясы өткізетін ең маңызды турнирлердің бірі ITTF World Tour Grand Finals додасын қабылдады.