«Вашингтон Кэпиталз» «Вегас Голден Найтспен» болған бесінші ойында жеңіске жетіп, Стэнли Кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Парадайста өткен бесінші ойында 4:3 есебі тіркелді. Осылайша сериядағы есеп 4:1 болып «Вашингтон Кэпиталз» көптен күткен Стэнли Кубогына қол жеткізді.
Кездесудің алғашқы айналымында есеп ашылмағанмен есесіне екінші айналымда командалар бірден бес шайба соқты.
Үшінші айналымда Смит-Пелли мен Ларс Эллер «Вашингтон Кэпиталз» үшін қос шайба соғып командасына жеңіс әкелді.
Айта кетсек «Вашингтон Кэпиталз» Стэнли Кубогында алғаш рет жеңіске жетіп отыр.
ҰХЛ. Плей-офф. Финал. Бесінші ойын.