Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Ролан Гарроста» ширек финалдан ұшып кеткеннен кейін жанкүйерлерге алғысын білдірді.

«Қолдауларыңыз үшін көп рақмет! Бұдан да үлкен жетістіктерге қол жеткізу үшін талмай еңбек етемін. Жылы сөздеріңіз бен хаттарыңыз үшін рақмет. Хаттардың бәріне жауап бере алмағаным үшін кешіріңіздер. Бірақ мен оның бәрін оқыдым», - деп жазды Путинцева.