Қазақстандық теннисші Гозаль Айнатдинова Наманғанда өтіп жатқан ITF турнирінің келесі айналымына өтті, деп хабарлайды СПОРТИНФОРМ порталы.

Айнатдинова алғашқы кезеңде өз жерлесі Екатерина Дмитриченконың 6:2,6:1 есебімен жеңді. Жерлесіміздің кезекті қарсыласы - корт иесі Нигина Абдураимова.

Өзбекстандағы ITF турнирінің жалпы жүлде қоры 25 мың долларды құрайды.