«Барселонаның» қорғаушысы Хави биыл алтын доп төңірегінде өз болжамын жасады.

«Әлемдегі ең үздік ойыншы кім десе, әрине бәріміз Месси дейміз. Бірақ, өткен маусымда кім мықты болды десек, біраз ойлануға тура келеді»

«Месси қатарынан төрт рет алтын допты алғанын білеміз. Бұл жолы сыйлық Леоға бұйырмауы мүмкін. Дегенмен, Месси мен үшін қашанда ең үздік ойыншы. Неге десеңіз, ол ойын тағдырын жалғыз шеше алатын футболшы»

«Сондай-ақ, Рибери мен Криштиану да маусымды өте мықты өткізді. Рибери қатысқан жарыстардың бәрінде жеңіске жетті, ал Криштиану голды жаңбырша жаудырып жүр. Егерде мен Испанияның капитаны болсам, дауысымды Мессиге берер едім. Екінші орынды Рибериге, үшіншіні – Криштиануға. Роббенді де ұмытпағанымыз абзал»,- дейді Хави AS басылымына берген сұхбатында.