Антуан Гризманн «Камп Ноу» -ға ауысудан бас тартса, «Барселона» Ливерпульдің шабуылшысы Мохамед Салахты сатып алмақшы, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі AS порталына сілтеме жасап.

Мысырлық шабуылшы өкілдері бастаманы қолдап, каталон клубымен кездесті. Тараптар бірнеше кездесулер өткізіп, трансфер мүмкіндігін талқылады.

«Ливерпуль» каталондықтар 100-ден астам миллион еуро ұсынса ғана Салахты сатуға дайын.

Салах 2017 жылы шілде айында «Ромадан» «Ливерпульге» 42 миллион еуроға көшкен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Салах «Реал Мадридке» қарсы Чемпиондар Лигасының финалында жарақат алды, бірақ 2018 жылғы Әлем кубогында ойнайды.