Елордалық «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Лев» (Чехия, Прага) командасымен кездеседі.

«Левтың» Құрлықтық хоккей лигасына қосылғанына көп болған жоқ. Сол себепті осы уақытқа дейін екі команда екі-ақ рет кездескен. Екеуінде де «Барыс» жеңіске жетті. Бірінші ойын 4:2 есебімен аяқталса, екінші матчта Астана қаласының хоккей клубы өз қарсыласынан 5:1 есебімен басым түскен. Лиганың жалпы турнирлік кестесінде «Барыс» (56 ұпай) үшінші орында тұрса, «Лев» (42 ұпай) он бірінші орында келеді.

 «Барыс» пен «Лев» арасындағы матч түнгі сағат 23:55-те басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.