Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ресейлік маман Этери Тутберидзенің командасына оралды, деп хабарлайды prosports.kz сайты

Келісімшат 2022 жылғы Пекин Олимпиадасына дейін жасалған. 18 жастағы отандасымыз Новогорскіде Тутберидзенің командасымен жаттығуға кірісіп те кетті.

Элизабет Тұрсынбаева ресейлік маманмен 2012-2013 жылдары жаттыққан. Одан кейінгі 5 жылда канадалық Брайан Орсерден тәлім алды.