Қазақстандық боксшы Василий Левит бокстан ҚР Президенті Кубогында бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Today.kz порталы

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Левит ҚР Президенті Кубогының 1/8 финалда үндістандық Санжит Санжитпен жұдырықтасты.

Екінші раундта қазақстандықтың соққысынан кейін Санжит нокдаунға түссе де, жекпе-жекті жалғастырды. Кейін Василий қарсыласының басына қатты соққы беріп, оны нокаутқа жіберді.

Василий Левит 8 маусымда ширек финалда қытайлық боксшы Ванг Жибаомен рингтке кездеседі.

Еске салайық, ҚР Президентінің Кубогы 5 маусымда Астанада басталып, 10 маусымға дейін жалғаспақ.