Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Лев» (Чехия, Прага) командасымен кездеседі. Ойын түнгі сағат 24:00-де басталады.

Айта кетер жайт, «Левтың» Құрлықтық хоккей лигасына қосылғанына көп болған жоқ. Сол себепті осы уақытқа дейін екі команда екі-ақ рет кездескен. Ол кезде «Барыс» екі мәрте жеңіске жетті. Бірінші ойын 4:2 есебімен аяқталса, екінші матчта Астана қаласының хоккей клубы өз қарсыласынан 5:1 болып басым түскен.

Биылғы чемпионат басталғалы бері аталған екі команда әлі кездеспеген. Лиганың жалпытурнирлік кестесінде «Барыс» (56 ұпай) үшінші орында тұрса, «Лев» (42 ұпай) он бірінші орында келеді.

«KAZsport» телеарнасы аталған кездесуді тікелей эфир арқылы көрсетпек.