Forbes басылымы 2017 жылы ең жоғары жалақы алған 100 спортшының тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орынды сөзсіз кіші Флойд Мэйвезер иеленді, ол Конор МакГрегормен кездесуде 285 миллион долларды банктік шотына толтырды. Ал, ирландиялық спортшы 99 миллион доллар табыспен төртінші қатарда. Оның 85-і - Мейвезермен жұдырықтасу кезінде түскен гонорар.

«Реал Мадрид» шабуылшысы Криштиану Роналдо 108 миллион табыс үздік үштікті жапты.

Геннадий Головкиннің табысы 25 миллион долларды құрап, осы тізімде 72-ші орынды иемденген.

Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.