Жолдастық ойында Әзірбайжанды ұтқан Қазақстан құрамасының футболшысы Бақтиер Зайнутдинов Prosports.kz сайтына матч туралы пікірін білдірді.

- Ойын өте ауыр болдым. Бүгінгі матчта көп шабуылдауға, мүмкіндігінше алда ойнауға және қарсыласымызды қыспаққа алуға тырыстық.

- Негізгі құрамда есіміңіз жоқ болғанын естігенде көңіліңіз түспеді ме?

- Жоқ. Кімнің алаңға шығатын-шықпайтынын бапкердің өзі шешеді. Ойын ортасында болсын, шыққаныма қуаныштымын.

- Жанкүйерлердің қолдауын сезіндіңіз бе? Стадионға көрермендер көп жиналды

- Стадионға келген әрбір көрерменге алғысымды айтамын. Біз жанкүйерлер үшін ойнаймыз.