Күні кеше Батыр Жүкембаев (13-0, 11КО) пен Абылайxан Құсайынов (8-0, 5КО) кезекті жеңістерінен соң Канададан елге оралды.

Боксшыларды қарсы алуға оның жанкүйерлері мен журналистер келді. Осы орайда Батыр Жүкембаев Prosports.kz сайтына сұқбат берді.

Еске салсақ, Батыр 27-мамырд Квебек қаласында өткен бокс кешінде аргентиналық Хонатан Хосе Энисті жетінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктіріп, бірінші жартылай орта салмақтың WBC Continental Americas вакантты чемпиондық белбеуін жеңіп алған болатын.