«Жетісудің» бұрынғы бапкері Асқар Қожабергенов «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында, «Ертістің» жағдайы жайлы және  Виктор Кумыков жаттықтырып жүрген «Шахтердің» жеңістері туралы біраз сыр шертті.
 
-Асқар Сейдахметұлы, қазіргі таңда қай командамен келісімдер жүргізіп жүрсіз?
 
-Ешқайсымен. Демалып жүрмін. Көбінде демалыс сондықтан да ол туралы әлі ойланған емеспін.
 
- Ел чемпионаты аяқталар тұста «Ертістен» ұпайды тартып алу сізше дұрыс па?
 
-Дұрыс. Дегенмен оларды да түсінуге болады. Маусым бойы еңбек етіп, терлеп соңында ұпайдан қағылу өкінішті жайт. Ауыр жағдай әрине. Бірақ ҚФФ-сы дұрыс шешім қабылдады. Барлығы регламентте жазылғандай. 
 
-«Шахтердің» жеңістері қазақ футболының дамуына серпіліс берді ме?
 
-Әрине. Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығу үлкен нәтиже. Қарағандылық жанкүйерлердің ғана қуанышы емес бүкіл еліміздің қуанышы. Өздеріңіз көргендей «Қайрат», «Ордабасы», «Астана», «Жетісу»,  «Ақтөбе» секілді командалардың жанкүйерлері «Шахтерға» да болысты. Болашақта осындай биіктерден көріне береміз деген үміттемін. Сондай-ақ, «Ақтөбе» мен «Ертіс» те жақсы өнер көрсетті, бірақ сәттілік жетіспеді. Өзім «Шахтер» мен Кумыков көрсеткен нәтижеге өте ризамын.