«Реалдың» бас жаттықтырушысы қызметінен клуб президенті Переспен болған арадағы түсініспеушіліктен кейін кетті, деп хабарлайды matchtv.ru.

Зидан клуб президенті Флорентино Перестен Эден Азарды сатып алуды сұраған. Оған басшылық келіспеген. Керісінше «Манчестер Юнайтед» қақпашысы Давид Де Хеаны сатып алғысы келетіндерін айтқан. Ал Зидан қазіргі қақпашы Кейлор Навасты ешкіммен алмастырғысы келмейді.

Айта кетейік, франциялық маман испандық клубпен Чемпиондар лигасында үш жыл қатарынан топ жарды. Зиннедин Зиданның орнына қазіргі таңда "Тоттенхэмді" жаттықтырып жүрген аргентиналық маман Маурисио Почеттино келуі мүмкін.