«Астананың» шабандоздары франциялық «Критериум Дофине» көпкүндігінің алғашқы кезеңінде мәре сызығын жалпы топпен бірге кесті.

Бұл кезеңде Mitchelton–Scott командасының өкілі Дэрил Импи бірінші орын алды. Екінші орын француз Жюлиан Алафилиппке (Quick-Step Floors) бұйырды. Үшінші орынды Bora–Hansgrohe спортшысы Паскаль Аккерман еншіледі.

«Астана» сапынан үздік нәтижені Пельо Бильбао көрсетті – 28-ші орын. Михаэль Вальгрен белсенді болып, бірнеше рет шабуылдаған еді, алайда ол нәтиже бермеді.

«Критериум Дофине». 1-ші кезең

Валанс – Сен-Жуст-Сен-Рамбер (179 км)

  1. Дэрил Импи (ЮАР, Mitchelton-Scott) – 4:24:26
  2. Жюлиан Алафилипп (Франция, Quick-Step Floors) –
  3. Паскаль Аккерман (Германия, Bora-Hansgrohe)

...28. Пельо Бильбао (Испания, Astana Pro Team)

...34. Михаэль Вальгрен (Дания, Astana Pro Team)