«Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Жозе Моуриньо жақында берген сұқбатында Әлем чемпионатының әлемдегі деңгейі ең жоғары футбол турнирі емес екенін айтты, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

- Әлем чемпионатын көру мені шаттыққа бөлейді. Мен ғана емес өте көп жанкүйер Әлем чемпионатын асыға күтіп жүретіні сөзсіз. Менің ойымша, футболдан Әлем біріншілігі мен Олимпиада ойындарының мәні спорттық деңгейден асып кетті. Олар үлкен қоғамдық-әлеуметтік дәрежеге жеткен.

Бірақ, Әлем чемпионаты сапасы мен деңгейі әлемдегі ең жоғары футбол турнирі емес. Клубтарда футболшылар мен бапкерлер ұзақ уақыт бірге болады, бірге дайындалады. Ал ұлттық құрамалардың Әлем чемпионатына дайындалатын уақыты аз. Сондықтан, футболшылардың Әлем чемпионатында көрсеткен өнері клубтағы деңгейінен жоғары болуы екіталай, - дейді Моуриньо.