Елордалық «Барыс» «Слованмен» кездесті. Братиславада өткен матч 6:2 (2:1, 1:1, 3:0) есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Николай Антроповтың пасынан есепті Роман Старченко ашты. Алаң қожайындары сапынан Томаш Нетик көзге түсіп таразы басын теңестірген. Бірақ алғашқы период аяқталғанша «Барыс» тағы бір гол соғып үлгерді.

26-ы минутта Нетик дубль жасап есепті теңестірді. Алайда екі минуттан кейін Константин Руденко командаластарын қайта алға шығарды.

Үшінші периодтың басында жерлестеріміз екі голды бір минутта соғып үлгерді. Алдымен Алексей Литвиненко артынша Старченко гол соқты, Матчтың 52-і минутында Дастин Бойд матчтағы есепті қорытындылап командасына жеңіс сыйлады.

56 ұпай жинап алға тек «Ак Барсты» жіберген елордалық «Барыс» Шығыс конференциясында екінші орында тұр.