Жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған теннисші Тимофей Скатов Франция ашық біріншілігінің жастар арасындағы турниріне қатысуда, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Скатов алғашқы айналымда (1/32) бразилиялық теннисші Матео Баррейромен кездесті.

1 сағат 16 минутқа жалғасқан кездесу 7:5, 6:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.