Сербия құрамасының бас бапкері Младен Крстаич «Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичті 2018 жылғы әлем чемпионатына баратын футболшылар тізімінен алып тастады.

Максимович алдымен кеңейтілген тізімге енген болатын. Алайда Крстаич 27 футболшының төртеуін тізімнен алып тастады. Солардың қатарында Максимович те бар.

2017/18 жылғы маусымда ол испаниялық «Валенсия» сапында 21 матч өткізіп, бір гол соққан.

Алдағы әлем чемпионатында Сербия «Е» тобында Бразилия, Швейцария және Коста-Рикамен бір топта ойнайды.