1 маусымнан бастап «Астана» футбол клубының бас бапкері қызметіне латвиялық «Венспилс», одессалық «Черноморец» және әзірбайжандық «Габала» ұжымдарында қызмет атқарған украиналық маман Роман Григорчук тағайындалды, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.

Роман Иосифович үш түрлі клубпен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан өте тәжірибелі маман: латвиялық «Венспилс», одессалық «Черноморец» және әзірбайжандық «Габала» (екі рет). 2013/2014 жылғы маусымда одессалық клубпен аталмыш турнирдің 1/16 финалына жолдама алған болатын.

Одан бөлек украиналық маман үш мәрте Латвия чемпионатында топ жарып, екі мәрте балқан түбегі елінің Кубогында жеңіске жеткен. Және де Әзірбайжан чемпионатында екі рет күміс, екі рет қола жүлдені жеңіп алған.

Ал жекелей марапатқа келер болсақ, Григорчук үш мәрте Латвияның үздік бапкері атанып, Украина және Әзірбайжанда бір реттен осы жетістікке қол жеткізген.

ГРИГОРЧУК Роман Иосифович

Туған күні: 22/03/1965 (53 жаста)Азаматтығы: УкраинаБілімі: жоғарыБапкерлік лицензиясы: PRO UEFAФутболшы ретіндегі еңбек жолы: 1988 – 2000 жылдары мына клубтарда ойнаған: «Прикарпатье» (Ивано-Франковск), «Санкт-Пельтен» (Австрия), «Петрохимия» (Польша), «Сатурн» (Раменское, Россия), «Кривбасс» (Украина), «Динабург» (Латвия)

Бапкер ретіндегі еңбек жолы: 1999-2005 «Динабург» (Латвия)2005-2009 «Венстпилс» (Латвия)2009-2010 «Металлург» (Запорожье, Украина)2010-2014 «Черноморец» (Одесса, Украина)2014-2018 «Габала» (Әзірбайжан)

Жетістіктері: 2006, 2007, 2008 Латвия Чемпионы2005, 2007 Латвия Кубогының иегері2006, 2007, 2008 Латвияның үздік бапкері2012/13 Украина Кубогының финалисті2012/13 Украинаның үздік бапкері2014/15, 2015/16 Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдегері2016/17, 2017/18 Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері2016/17, 2017/18 Әзірбайжан Кубогының финалисті2015/16 Әзірбайжанның үздік бапкері

УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан жылдары: 2009/10 «Вентспилс» (Латвия)2013/14 «Черноморец» (Одесса, Украина)2015/16, 2016/17 «Габала» (Әзірбайжан)2013/2014 жылғы маусымда «Чернаморец» (Одесса) клубымен УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финалына жолдама алған.