Қазақ балуаны Нұрмахан Тінәлиев әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздік деп танылды.
 
FILA қыркүйекте ересектер арасында Будапештте өткен грек-рим күресінен әлем чемпионатының қорытындысын жариялады. Нәтижесінде қазақстандық спортшы Нұрмахан Тінәлиев мықтылар қатарына енді. Оның қорғаныс тәсілдері үздік деп танылды.