Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Буран» (Ресей, Воронеж) командасымен кездеседі.
 
Айта кетер жайт, бүгінге дейін екі команда 20 матч өткізді. «Сарыарқа» 34 ұпай жинап, жалпы турнирлік кестеде 10-орында орналасты. Ал оның бүгінгі қарсыласы - «Буранда» 39 ұпай бар. Қазіргі кезде Воронеж қаласының хоккей клубы лиганың жалпы турнирлік кестесінде 4-орында келеді.