Қазақстан құрамасының қарсыласы Әзірбайжан футболшылары Қырғызстанмен жолдастық матч өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп жазады футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Жолдастық ойын Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен болатын. Гурбан Гурбанов командасынан қорғаушылар Максим Медведев, Урфан Аббасов және шабуылшы Махир Мадатов гол соқты.

Әзірбайжан құрамасының негізгі құрамы: С. Агаев - Аббасов, Абышов, Медведев (к), Пашаев - Гараев, Махмудов - Аласкаров, Имамвердиев, Абдуллаев - Шейдаев.

Айта кетейік, Қазақстан мен Әзірбайжан құрамаларының жолдастық матч 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын 20:00-де басталады. Билеттер ticketon.kz сайтында сатылады.