UEFA-ның ресми сайты 2017/18 жылғы маусым қорытындысы бойынша клубтық коэффициенттер рейтингісін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz.

Аталған тізімде 21.750 ұпай жинаған «Астана» командасы 67-ші орында тұр. Ал «Қайрат», «Ертіс», «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Шахтер» қатарлы қазақстандық өзге клубтардың еншісінде 3,625 ұпайдан бар.

Ал чемпионаттар рейтингісінде 2017/18 жылғы маусымының қорытындысы бойынша 18,125 ұпай жинаған Қазақстан 28-ші орынға жайғасқан.