Нигерия құрамасы мен мәскеулік ЦСКА клубында жалда болған «Лестер» ойыншысы Ахмед Мұса отандастарына бостандық алып берді, деп жазды деп Lenta.ru

Африкалық ойыншы Кано қаласындағы 40 отандасын тұтқыннан босатып алыпты. Қарыздарын қайтара алмай темір торға тоғытылған қырық отандасының барлық қарызын жауып берген Ахмед Мұса қаржылай қиындыққа тап болған бірнеше жеткіншекке де жәрдемші болыпты. Мұнысымен шектеліп қалмай Кано халқына ақшалай және азық түлікпен көмектескен көрінеді.

Ахмед Муса бұған дейін де өз елінде талай қайрымдылығымен көзге түскен.

Қазіргі уақытта ол Нигерия құрамасымен бірге Ресейде өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде.