Мысырлық адвокат Салахты жарақаттаған Рамосты бір миллиард еуроға жазаға тарту үшін сотқа шағым жасады, деп хабарлайды Goal.com порталы.

Финалдық кездесудің 30 минутында Салах жарақатына байланысты алаңнан кеткен болатын. Оның орнына Адам Лаллана шыққан болатын. "Рамос Салахты әдейі жарақаттады. Сол үшін жазалануы керек. Мен ФИФА-ға шағым білдірдім. Мен өтемақыны талап етіп отырмын. Рамостың Салах пен Мысыр еліне келтірген физикалық және психологиялық залалы үшін ол бір миллиардтан асып кетуі мүмкін", - деді адвокат мысырдық Sada El-Balad арнасына берген сұқбатында

Егер Вахба бұл істе жеңіске жететін болса, бір миллиард еуроны қайырымдылық қорына беремін деп отыр екен. Шағымды ол ФИФА-ға түсірген..