«СЭ» ақпаратына сүйенсек, «Уфаның» бас бапкері қызметі Сергей Томаровқа табысталады.

Клубтың қазіргі бапкері Сергей Семак ертең ресми түрде сан-петерборлық «Зениттің» тізгінін ұстаады. Ал Томаров «Уфаның» бапкерлік штабында 2011 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Естеріңізге салсақ, «Уфа» сапында қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсетеді. ол ресейлік клубта әзірше екі ресми матч өткізді. Маусымның соңында Сейдахмет жарақат алып, алаңға шыға алмаған болатын.