Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының спортшылары 2018/19 жылғы маусымға дайындықты бастады.

Құрамаға жаңа бапкерлік штаб келген, қазақстандықтарды енді ресейлік Юрий Каминский жаттықтырады.

Бас бапкер – командада шет елден келген жалғыз маман. Каминскиймен келісімшарт төрт жылға жасалған. Ол бұған дейін Ресей құрамасында спринттік топты жаттықтырған болатын.