«Ертіс» сапындағы нигериялық форвард Ақтөбедегі ойыннан кейін өз ойымен бөлісті. Бұл туралы «Ертіс» ФК баспасөз-қызметі жазды. - Біздің нәтиже мені қуантады. Қайтадан бабымызға келдік деп айтуға болады. «Ақтөбеге» қарсы ойын оңайға соқпады. Матчтың басынан-ақ қиын болатындығын түсіндік. Қазір әрбір ойында барымызды салып, күресуді жалғастыру маңызды. Бірнше күннен кейін келесі кездесуді өткіземіз. Сол себепті әрбір жаттығуға қажетті дайындықпен келу қажет. Сонымен қатар нәтижеге көңіл бөлу маңызды. Мен аталмыш лиганың жақсы деген ойыншыларының біріне айналғым келеді. Чемпионат басында бірқатар қиындықтар болды. Құдайға шүкір, қазір оларды жеңіп келе жатқан сияқтымын. Бастысы рухани күшті сақтай білу. Бұдан бөлек, жанкүйерлердің қолдауы да септігін тигізді. Келесі ойында да, олар бізбен бірге болады деген үміттемін. «Ертіс» сапында өнер көрсетіп жатқаныма өте қуаныштымын. Осы қарқында әрі қарай ойын көрсете білсек болғаны.