12 жастағы алматылық қазақ баласы Алдияр Әлім «Вальядолид» командасының академиясына қабылданды.

Қазір ол осы команданың базасында жаттығуды бастапты. Алдияр ресейлік агент Павел Астафьев таңдауымен испаниялық академияға қабылдаған. Қазір қазақ баласы испан мектебінде білім алып, шетелдік балалармен бірге жатақханада тұрып жатыр. Алдияр академияда 12 жасқа дейінгі балалар базасында жаттығуда.

Алдияр бұған дейін Алматыдағы спорт колледжінде оқыған.