Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Әзірбайжан құрамасымен өтетін жолдастық кездесуге шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚФФ-ның ресми сайты.

Тізімге 24 футболшы енді:

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»);

Қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый (барлығы - «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин, Ян Вороговский, Нұралы Әліп (барлығы - «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Исламхан, Магомед Парагульгов, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (барлығы - «Қайрат»), Максим Федин («Тобыл»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де - «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей).

Жаттықтырушылар штабы:

Станимир Стоилов – бас бапкер, Цанко Цветанов – бас бапкердің көмекшісі, Саид Ибраимов – бас бапкердің көмекшісі, Қайрат Нұрдәулетов – бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Еліміздің бас командасы оқу-жаттығу жиынын Астанада 1-6 маусым аралығында өткізеді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Әзірбайжан құрамаларының арасындағы жолдастық ойын 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Ойын Астана уақытымен 20:00-де басталады.