Теннис мамандары қауымдастығы рейтингінің ағымдағы нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің алғашқы ракеткасы испаниялық Рафаэль Надаль, одан кейін швейцариялық Роджер Федерер және неміс теннисші Александр Зверев алғашқы үштікте тұр.

Қазақстанның TOП-100 рейтингіндегі жалғыз өкілі Михаил Кукушкин сегіз сатыға көтеріліп, қазіргі таңда 83-ші орында. Отандық спортшылардың тағы бір өкілі Александр Бублик екі позиция жоғарылап, 139 орында тұр.