«Астана» қорғаушысы Дмитрий Шомко «Жетісуға» (3:0) қарсы кездесу туралы өз пікірімен бөлісті.

- Дмитрий, «Астана» командасы кездесуде үлкен басымдылыққа ие болғанымен, ұзақ уақыт қарсылас команда қақпасынан саңылау таба алмады. Шабуылды көп ойламаған команданың қорғанысын бұзу қаншалықты қиын болды?

- Бүгін «Жетісу» жақсы қорғана білді. Бірақ, біз олай боларын күткен едік, олар бізге ойын тізгінін беретінін. Ал гол соғатын сәттерге келер болсақ, біздің командада гол соғатын сәттер бірінші таймда көп болды. Өкінішке орай, пайдалана алмадық. Дегенмен, біз ойын барысын толықтай бақылауда ұстадық. Бізге қарсыластың ашылғанын күту қажет болды. Сосын голдар келді... Біз өзіміздің мүмкіндіктерді пайдаланып, матчта жеңіске жеттік.

- Екінші гол соғылған сәтте, қарсылас команда ойыншысы өз қақпасына гол соғап алғанмен, нәтижелі соққы Сіздің еншіңізге жазылды. Осы сәтке пікір білдірсеңіз.

- Мен ол сәтте айып алаңына пас асырған едім. Себебі, шабуылшыларың бірі қақпа маңында болатын. Деспотович болған сияқты. Айып алаңына пас асырғандықтан, ондай боларын күткен жоқпын. Менің ойымша, анық автогол.

- Оралдағы сәтсіздіктен кейін көңіл-күйлеріңізді көтере алдыңыздар ма?

- Иә, әрине. Ол жеңіліске өзіміз кінәліміз («Ақжайықтан»). Менің ойымша бірінші кезекте, жанкүйерлер алдындағы кінәмізді жуып-шайдық. Бүгін маңызды жеңіске қол жеткіздік. Ең бастысы, қорғаныс шебінде сәтті өнер көрсеттік. Әрі қарай, гол соғатын сәттерді пайдалану шабуылшылардың жұмысы...