Қазақстандық спортшы Айтуар Шайкенов таэквондан Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Вьетнамда таеквондодан (WT) Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сынға Қазақстан құрамасы сапынан жалпы есебі 16 спортшы қатысуда.

Бүгін 54 келіде сынға түскен Айтуар Шайкенов чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Айтуардың жүлдесі əзірге Қазақстан қоржынындағы жалғыз медаль