«Ақтөбе» ойыншысы Еміл Кенжисариевке ота жасалды. Израильдің Rambam Health Care Campus емханасында жасалған операция сәтті өтті.

Футболшының ағасы Рустам Жаныбаев «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Құдайға шүкір, қауіптің беті қайтарылды. Тілектеріміз қабыл болып Алланың құлағына шалынды», - деп жазды.