«Реал Мадрид» жаттықтырушы Зинедин Зидан Криштиану Роналду командада қалады деп күтуде, бірақ Гарет Бэйлді сақтап қалуға сенімді емес, деп хабарлайды Eurosport.com порталы

Чемпиондар Лигасының финалынан кейін бірден осы ойыншылар «Реалдан» шығуы мүмкін деген қауесеттер болған.

- Роналду «Реалда» қалуы керек, - дейді Зидан AFP-ға берген сұқбатында . - Оның клуб үшін жасаған нәрселерін сипаттайтын сөз жоқ. Менің ойымша, алдағы бірнеше күнде оның болашағы туралы әртүрлі сөздер болады. Бэйлдің жағдайы күрделі. Оны сақтап қалам деп айта алмаймын. Мен жаттықтырушы ретінде өзімнің міндеттерімді орындауға тиіспін және сол жерде кімнің босатылып, кімнің келетінін шешуім керек. Ең алдымен, команданың мүдделері маңыздырақ.