Алматыда Қазақстан футбол федерациясының Балалар мен жасөспірімдер футболы комитетінің мүшелері алғаш рет бас қосты.

Жиынға комитет төрағасы Берік Қаниев, комитет төрағасының орынбасары Игорь Утробин және комитет мүшелері Марат Әбділдабеков, Павел Черепанов және Алексей Игнатченко қатысты.

Қатысушылар Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболының даму мәселелерін талқылап, комитеттің алдағы міндеттері мен мақсаттарын айқындады. Балалар мен жасөспірімдер футболы комитетінің отырысын тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылдады.

.