Лондон қаласындағы Йорк-холл орталығында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегі 6 маусымда өтеді. Әзірге боксшының қарсыласы белгісіз, деп хабарлайды Prosports.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Данияр Флоридадағы жаттығу алаңында өзінің жеке бапкері Джон-Дэвид Джексонның жетекшілігімен дайындалып жатыр. Сондай-ақ таяу уақытта Даниярдың жаттығу алаңына әкесі, жаттықтырушы Марат Елеусінов пен ағасы, орта салмақта өнер көрсететін, кәсіби боксер Дәурен Елеусінов те қосылады.

«Флоридада жаттығып, Джон-Дэвидтен сабақ алу керемет. Мен күн сайын жақсы кәсіби боксшы болуыма көмектесетін жаңа дүниелерді үйреніп жатырмын. 6 маусымдағы жекпе-жегімді асыға күтіп жүрмін», - деп ой бөлісіті Данияр Елеусінов.