Футболдан Бразилия чемпионатының 34-ші  турында Белу-Оризонти қаласының «Крузейро» клубы «Виторияны» жеңіп, мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды.

«Крузейро» Сальвадорда өткен кездесуде қарсыластарын  3:1 есебімен ұтты. Жеңімпаздардың сапында голдарды Виллиан, Жулио Баптиста мен Рикардо Голарт соқты. Осылайша, «Крузейро» 74 ұпай жинап мезгілінен бұрын ел чемпионы атанды. 

Айта кетер жайт, «Крузейро» тарихында үшінші рет Бразилия чемпионы атанып отыр. Бұның алдында «Крузейро» 1966 жылы мен 2003 жылы жеңімпаз атанған.