"Reuters" агенттігінің хабарлауынша, «Tennis Integrity Unit» қауымдастығы аргентиналық теннисші келісімшарттық кездесулерді ұйымдастыруға кінәлі деп танылған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 25 жастағы Николас Киккер 2015 жылдың маусым айында Италиядағы және Колумбиядағы ATP Challenger сериясында матчтардың нәтижесіне әсер етуге тырысты.

Әлемнің 84-ші ракеткасы аргентиналық Николас Kиккер осы қылығы үшін теннистен уақытша шеттетілді.

Кейіннен теннисшіге қарсы санкцияларды жарияланбақшы.

Николас Киккер қазіргі таңда 84-ші орында, ал оның үздік нәтижесі - 78-ші орын (маусым-2017).