Ирландияның аралас жекпе-жек шебері және UFC жеңіл салмақтағы чемпионы Конор Макгрегор жақын арада сегіз бұрышқа оралуынан хабар берді, деп хабарлайды Prosports.kz. championat.com-ке сілтеме жасай отырып.

Спортшы Instagram-да өзінің «Жақында көрісеміз» деген жазбасымен бірге өзінің фотосуретін орналастырды.

Естеріңізге сала кетсек, Макгрегор осыдан бір жарым жыл бұрын Нью-Йорктегі UFC спортшыларының кездесуі өтіп жатқан орталықтардың бірінде шу шығарып, спортшылар мінген автобусқа шабуыл жасаған болатын.