ПСЖ клубының орталық қорғаушысы Адриен Рабьо «Ювентус» клубына ауысуы мүмкін.

Ойыншы париждік командада қалғысы келмейді. Сол себепті ол өзін бірнеше клубқа ұсынып көрген екен. Олардың арасында «Ювентустан» өзге «Барселона» клубы да бар.

Естеріңізге салсақ, Адриен Рабьо Ресейдегі Әлем чемпионатына қатысатын Франция құрамасы қатарына енбей қалған.