Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Липецк» (Ресей, Липецк қаласы) командасымен күш сынасады.

Осы уақытқа дейін «Липецк» 19 матч өткізіп, барлығы 23 ұпай жинады. Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде бұл команда 23-ші орында тұр. «Сарыарқа» да 19 ойын өткізді. Алайда оның еншісінде 32 ұпай бар. Соның арқасында Қарағанды қаласының хоккей клубы жалпы турнирлік кестеде 12-ші орында келеді.