Беларусь ұлттық құрамасы 6 және 9 маусым күндері өтетін Венгрия мен Финляндияға қарсы жолдастық кездесуге шақырту алған футболшылар тізімін жариялады, деп жазады prosports.kz сайты.Аталған тізімде Қазақстан Премьер лигасында доп тебетін үш ойыншының есімі бар. Атап айтар болсақ, «Астана» командасында өнер көрсететін Иван Маевский мен Игорь Шитов және павлодарлық «Ертістің» жартылай қорғаушысы Сергей Кисляк.